06 наурыз 2023
«Транстелесофт» ЖШҚ өндірістік алаңында кеңейтілген техникалық кеңес
2023 жылғы 28 ақпаннан 03 наурызға дейін «Транстелесофт» ЖШҚ кеңсесі мен өндірістік алаңында ТМХ компаниялар тобының Орталық Азиядағы техникалық даму мәселелері мен борттық қауіпсіздік жүйелерінің жаңа түрлерін белсенді жылжыту жөніндегі кеңейтілген техникалық кеңесі өтті, кеңеске Орта Азия өңірі бойынша жылжымалы құрам жөніндегі сарапшы ретінде техника ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің (ТМТУ) «Локомотивтер» кафедрасының меңгерушісі Хамидов Отабек Рустамович қатысты.

Қаралған мәселелердің бірі — «Борт» жүйесіне қатысты Өзбек техникалық реттеу агенттігінің талаптары бойынша ТР ТС қолданыстағы сертификатын растау регламентін орындау үшін кейіннен бақыланатын пайдалануды жүргізе отырып, «Өзбекистон темир йуллари» АҚ ТЭМ2 тепловозын «Борт» локомотивтік борттық қауіпсіздік жүйесімен жабдықтау болды.

Ресей және Өзбекстан тараптары ұзақ мерзімді, өзара тиімді ынтымақтастыққа ниет және дайындық білдірді.