← Жаңалықтар

06 қазан 2024

БОРТ қозғалыс қауіпсіздігі жүйесінің бақылауындағы УСАВПП автожүргізу режимінде

6 қазанда Қарағанды-Астана учаскесінде КZ8A электровозында «Транстелесофт» компаниясының өкілдерімен бірге локомотив бригадаларынан кері байланыс алу мақсатында БОРТ локомотивтік қозғалыс қауіпсіздігі жүйесінің бақылауындағы автожүргізу режимінде сынақ жүрісі өткізілді.

Жүйелер алгоритмдерін біріздендіру оларды бірыңғай цифрлық арна арқылы өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді, бұл машинистті жол жүру деректерін әртүрлі жүйелерге қайта-қайта енгізу қажеттілігінен арылтып, олардың жұмысын біртұтас кешенге синхрондады, бұл локомотив машинистері тарапынан оң бағаланды.